Павлодарда жаңадан салынып жатқан балалар алаңының жұмысы сылбыр
150 балалар алаңын салатын мердігер бүгінгі күнге дейін бар-жоғы 30-ға жуық ойын алаңын ғана салған. Оның көбі толық аяқталмаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының мәлімдеуінше, мердігер негізгі міндеттерін орындамауда.
Партияның Павлодар қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы депутаттық фракциямен бірлесіп, балалар алаңын орнатудың құрылыс орнына барды. Анық болғандай, мердігер ұйым уәде еткен 150 балалар алаңының небары 28-ін ғана салған.
Партияның қалалық филиалының атқарушы хатшысы, партияның қалалық мәслихаттағы депутаттық фракциясының басшысы Санира Жүсіпова партиялық бақылау комиссиясы балалар алаңдарының толық көлемде әрі бекітілген мерзім ішінде орнатуды талап етті.
- «ИндустрияСтрой» ЖШС мердігері 150 алаңды орнату бойынша конкурсты ұтып алған болатын. Олар 150-дің 28-ін ғана орнатқан. Өкінішке қарай, элементтердің барлығы орындарға қойылмаған. «AMANAT» партиялық бақылау комиссиясы бұл мәселені бақылауға алып, көшпелі жиын өткізді. Тамыз айының соңына дейін 28 алаңдағы барлық қажетті элементтер қалыпқа келтірілгенін талап етудеміз, - деді Санира Жүсіпова.
Сонымен қатар, партиялық басшы мердігер ұйым өкілдерін «AMANAT» партиясы қалалық филиалының офисінде қабылдады. Кездесу барысында компания өкілдеріне тұрғындарды алаңдадатын барлық өтініш-тілектер жеткізіліп, нысандарды сапалы түрде орнатудың қажеттілігі айтылды.
Қазіргі таңда мердігер олқылықтардың орнын толтыруға белсенді түрде кірісті. Қажетті құрал-жабдықтар жеткізілуде. Жұмыс «AMANAT» партиясы қалалық филиалының бақылауында.
Мердігер ұйымның сөзіне қарағанда, жұмыстың кешеуілдеуіне құрал-жабдықтардың кеш жеткізілуі себеп болған. Олар барлық 150 алаңды орнату бойынша жұмыстарды қазан айының басына дейін аяқтауға уәде берді. Оның ішінде арнайы қажеттіліктері бар балаларға қажет инклюзивті алаңдар да бар. Келісім-шарт жыл соңына дейін күшінде қала бермек.
Посмотреть эту публикацию в Instagram