Павлодарда жас өнертапқыштар теннисші робот құрастырды

Павлодарда жас өнертапқыштар теннисші робот құрастырды
Фото: қалалық білім бөлімінен

Республикалық чемпионаттың қалалық кезеңіне 50-ге жуық оқушы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

№25 ЖОМ-да ұйымдастырылған «Robotek Grand Tournament» чемпионатының мақсаты – робототехникамен, бағдарламалаумен айналысатын, инженерлік ғылымдарды оқитын талантты балаларды қолдау. 

Чемпионаттың жеті санаты бойынша «Роботек», «Инверстік сызық бойымен жарыс» «Жеткізуші робот», «Мерген», «Туды жеткізу», «Сұрыптаушы робот», «РобоБаскетбол» қаланың жалпы орта мектептерінің 5-11-сынып аралығындағы 48 оқушы қатысты.

– Мен робототехникамен бір жыл айналысамын. Менің роботым қара сызықпен жүріп, теннис добын алып, «тұраққа» тұрып, атып тастайды. Түйреуіштерге соғу керек. Соқсаңыз, бес немесе он ұпай аласыз. Біз досымызбен бірге робот жасадық. Біздің робот үлкен және ауыр. Бізге жарысқа қатысу өте ұнады, – дейді №35 мектептің 5-сынып оқушысы Әлімжан Амангелді. 

Олар роботты құрастырғаннан кейін күні бойы бағдарлама жазып, роботты тексергеннен кейін байқауға алып келген.

Сайыстың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға 15 топ құрамының 30 қатысушы ие болды. 

Атап айту керек, осындай іс-шараларға қатысу, ғылыми-техникалық шығармашылықты танымал етуге, негізгі білімді қалыптастыру және практикалық дағдыларды дамытуға ықпал етеді.