Павлодарда жас актерлер өзара бақ сынасты (ВИДЕО)

Павлодарда жас актерлер өзара бақ сынасты (ВИДЕО)

Байқауға 200-ге жуық бала қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңі өтті. Оқушылар сарайының базасында өткен шараға облыс мектептерінен 25 театр қатысып, түрлі жанр бойынша қойылым көрсетті. 

- Байқауда драмалық, музыкалық жанр, әдеби-музыкалық композиция және қуыршақ театры барынша қамтылды. Фестиваль-байқау өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Оның ішінде тұлғаның үйлесімді дамуы, өз ойын білдіру, әлемді эстетикалық және бейнелі тану факторы ретінде балалар мен жастардың театр шығармашылығын қолдау және дамытуды көздейді, - делінген хабарламада.

Көрерменге тамаша көңіл-күй сыйлай білген, жас актерлердің сахнадаға тартысы ғажайыптарға толы болды. Олар өз шеберліктерімен баршаны тәнті ете білді. Аталмыш байқауда қарсыластарынан оқ бойы озық шығып, көрерменге ой сала білген Екібастұз қаласы, «Қайнар» білім беру кешенінің «Маска» үлгілі театр студиясы үздік атанды. Енді олар байқаудың республикалық кезеңінде аймақ намысын қорғайтын болады.

Фестиваль-байқауының ең белсенді қатысушылары дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Білім басқармасы (@bilim_basqarmasy)