Павлодарда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, дәрігер зардап шекті
Жүргізуші бағдаршамның жасыл сигналына өткен, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, салдарынан реанимобиль жеңіл көлікке соғылып, 103 қызметінің дәрігері зардап шеккен.
- Жедел жәрдем бригадасы шұғыл шақыруды пысықтаған. Дәрігерлер 81 жастағы әйелді №1 Павлодар қалалық ауруханасына апара жатқан. Ол аялдамада құлап, ауыр жарақат алған. Академик Сәтбаев пен Горький көшелерінің қиылысында жедел жәрдем жүргізушісі бағдаршамның рұқсат беру сигналына өтіп бара жатқанына қарамастан, жеңіл автокөлік реанимобильге соғылды, - деді станцияда.
Науқасты ауруханаға жедел жеткізу үшін оқиға орнына басқа 103 бригада жіберілді. Сонымен қатар, жол апатына тап болған жедел жәрдем дәрігеріне көмек қажет болды. Қазір ол медициналық тексеруден өтіп жатыр.
Облыстық жедел жәрдем станциясында өңірде автокөлік жүргізушілері 103 қызмет машиналарын жібермейтін жағдайлар жиілегенін атап өтті. Кейде жүргізушілер тіпті сиреналар мен жарқыраған маяктарға да назар аудармайды. Жедел жәрдем жұмысында әр минут маңызды, өйткені бұл науқастың өмірі мен денсаулығы үшін күресте шешуші сәт болуы мүмкін. 103 қызметкерлері барлық автокөлік жүргізушілерінен Павлодар облысының жолдарындағы жедел жәрдем көліктеріне жол беруді сұрайды.