Павлодарда жергілікті дизайнерлердің сән көрсетілімі өтеді
Қала тұрғындары жаңа киім топтамаларын тамашалап, шеберлердің қолөнер бұйымдарымен таныса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Вернисаж» халықтық сән театрының мәліметінше, Павлодарда VERNISSAGE FASHION DAY атты сән көрсетілімі ұйымдастырылады.
Іс-шарада жергілікті дизайнерлер, сән брендтері мен бутиктер өздерінің киім топтамаларын көпшілік назарына ұсынады.
Сонымен қатар павлодарлық шеберлердің сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі өтеді. Келушілер ерекше сахналық костюмдерді көріп, «Вернисаж» халықтық сән театры модельдерінің өнерін тамашалай алады.
Сән кеші 13 қарашада Естай атындағы мәдениет сарайының екінші қабатындағы фойеде өтеді. Қонақтар сағат 18:00-де жиналады, ал көрсетілім 18:30-да басталады.
Іс-шараға кіру тегін.