Павлодарда жергілікті тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өтеді
Жәрмеңке облыстың барлық қалалары мен аудандарында ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасының мәлімдеуінше, ауылшаруашылық жәрмеңкесі Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылуда. Дәстүрлі шараны Павлодар қаласында 11 шілде күні өткізу жоспарлануда.
— Жәрмеңкеге Аққулы, Ақтоғай, Ертіс, Успен, Павлодар аудандарының және Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады. Сонымен қатар, сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз, Ақсу қалалары мен облыстың 10 ауданында ұйымдастырылады, - делінген хабарламада.
Жәрмеңке Торговая көшесі, 2А құрылысында (Космонавтар және Торговая көшелерінің қиылысы) Jailau базарында өтеді.