Павлодарда екі учаскеде жол қозғалысы шектеледі

Павлодарда екі учаскеде жол қозғалысы шектеледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жөндеу жұмыстарын бүгін аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды @Pavodarnews.kz.

Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, 21 тамыз күні  Теплов көшесіне орташа жөндеу жүргізілуіне байланысты Ак. Сәтбаев көшесінен М.Жүсіп көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы шектеледі.

Бұдан басқа, Баян батыр көшесін орташа жөндеу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Ледовский көшесінен Солтүстік өнеркәсіп ауданына дейінгі, көшенің шығыс жағы (Тойота орталығы жағынан) жабылады. Көліктердің кері қозғалысы көшенің батыс жағынан ұйымдастырылады.

Жүргізушілерді бағытты алдын ала жоспарлауды сұрайды.⠀