Павлодарда жылу беру маусымының қорытындылары талқыланды

Арнайы кеңесті қала басшысы өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Жалпы, бәрі қалыпты режимде. Апаттық жағдайлар орын алған жоқ. Бұл ауқымды дайындық жұмыстарының нәтижесі деп ойлаймын. Алдын ала желілердің маңызды учаскелерін жөндеп, жаңарттық. Сорғы станцияларының бірін қайта жабдықтадық. ТМ-13 жылу магистралін салдық, – деп жазды Хасар Хабылбеков өзінің Instagram-парақшасында.
Алдағы көктемгі жөндеу науқаны аясында үш ЖЭО-да гидравликалық сынақтар және екі жылда бір рет өткізілетін температуралық сынақтар жүргізіледі. Жұмыс кезеңінде тұрғындарға ыстық судың өшу мерзімін барынша қысқарту тапсырылды.
Сонымен қатар, қала басшысы қазіргі жылу беру маусымының аяқталуы мен келесі маусымға дайындықты тұрақты бақылауда ұстайтынын атап өтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram