Павлодарда қоқыстарды өңдейтін робот құрастырылды

Павлодарда қоқыстарды өңдейтін робот құрастырылды
Фото: pexels

 Робот қоқыстардар жаңа заттар жасайды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жастар бастамаларын дамыту орталығында білім беру басқармасы ақпараттық технология орталығының ұйымдастыруымен «FIRST Kazakhstan 2024» робототехника байқауы өтуде.  Өнертапқыштар өздерінің жобаларын таныстырды. Оның ішінде «An-nur» білім орталығының құрамасы  өздерінің робот-принтерін алып келген. 

– Бұл жобаға он күндей уақыт кетті. Командамыз төрт оқушыдан құралған. Байқауға алып келген роботымыз - 3-D принтер. Яғни пластикалық қалдықтарды өңдеп, жаңа бұйым, ойыншық заттар жасап шығады. Мәселен, брелок домбыра, шахмат фигураларын жасай алады, – дейді 37 мектеп оқушысы Мағжан Балтабай. 

Өнертапқыштардың асығы алшыларынан түсіп республикалық кезеңге өтетін болса, дәл осы роботты әрі қарай дамытып, байқауда бақ сынамақ. Команда бұған дейінде бірнеше байқауларға қатысып көрген. Алайда облыстық деңгейлермен шекетелген. 

Еске сала кетейік, аталмыш байқауға облыс мектептері мен қосымша білім беру орталықтарынан 43 команда келген. Бұл командалар 200-ден астам оқушыдан құралған.