Павлодарда ірі компания қызметкерлері аңшылар мен жауынгерлердің рухын еске алды
ERG Service қызметкерлері Наурыз мерекесіне орай «Ұлттық ойындар» күні аясында асық пен садақ атты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
- Бала кезімізде біз осындай ойындар ойнадық, бірақ олар басқаша аталды. Негізгі ережелері ұқсас, – деді ERG Service ЖШС бас директоры Сергей Перепечин. – Мен елдің ұлттық дәстүрлеріне үлкен құрметпен қараймын, олар ұжымның жұмысына да әсер етеді. Мұндай игі бастамалар барлық ұлт өкілдерінің басын біріктіреді. Осының арқасында біз бәрімізді біртұтас қоғамның адамдары ретінде сезінеміз.
Мерекелік шара барысында ұжым қызметкерлері арасынан асық атуға ниеттілер қатысты. Онда қатысушылар дала аңшыларына қажетті дәлдік пен ептіліктің ғасырлық дәстүрлерін көрсетті.
Ойыншылар сызылған шеңбердің ішінде тұрған асықтарды шеберлігімен оның сыртына шығаруға тырысты. Асықты қағып, ойыншы оны өзіне алып, лақтыруды қайталай алады. Бұл ойын түрі бір қарағанда қарапайым әрі оңай көрінгенімен қатысушылар жіберіп алмастан лақтыруға бейімделгенге дейін жеткілікті уақытты алды.
ERG Service қызметкерлері бақ сынаған келесі ойын түрі садақ ату. Нысананы көздеген мергендерге аса дәлдік қажет болды. Тарихы тереңде сақталған ұлттық ойынның бұл түрі қазіргі қоғамда сақталуы үшін мергендер мастер-класс ұйымдастырды.
- Ер адамның қанында атуға деген құштарлық болуы керек, - дейді садақ ату бойынша нұсқаушы Амангелді Егінбай. - Садақ-жауынгердің басты қаруы. Нысананы дәл көздеу үшін кейбір адамға 2-3 жаттығу ғана қажет болады. Олар қазірдің өзінде жебені жақсы тартып көзге түсіп жатса, кей адамдарға көп уақыт керек. Айта кетерлігі, табыстың 90%-ы өзін-өзі жетілдірудің тұрақты жұмысына байланысты.
Садақ атқан компания қызметкерлері аңшы мен жауынгердің рухын сәтті көрсете білсе, қыздар да ер адамдармен тең өнер көрсетті.
- Бірінші рет ойнап отырмын. Маған өте ұнады, – дейді құю-механикалық цехының ұйымдастыру мәселелері жөніндегі үйлестірушісі Вероника Сальникова. – Мен әр түрлі спорт түрлерін жақсы көремін, барлық жерде қатысуға тырысамын. Менің ойымша, бұл дағды болашақта пайдалы болмақ.
Садақ атуда спорттық бәсекелестік болмағанымен қатысушылар кімнің көп ұпай жинайтынын көру үшін нысананы көздеді. Онда абсолютті жеңімпаз электр энергетикасы қызметінің шебері Руслан Рүстемов болды. Волейболды жанына серік еткен Руслан үшін көздеу дәлдігі жақсы қалыптасқан. Әрі садақтың жебесін тартуға күші де жетеді.
- Мен әлі де пневматикалық мылтық атумен айналысамын, – дейді жеңімпаз. – Жебені , көптеген әріптестерім сияқты мен де алғаш рет қолыма ұстап тұрмын.
Ұйымдастырушылар бұл күн қызметкерлер үшін жай ғана асық пен садақ атып, көңіл көтеру үшін емес, сонымен қатар дала аңызын, ата-баба рухына еске алып, олардың ептілігі мен даналығын сезінуге мүмкіндік бергенін атап өтті.