Екібастұз қаласының әкімі оқушылармен жұмыс тәжірибесімен бөліседі
Кездесуге түрлі басқарма басшылары, прокурорлар, полицейлер де қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
28 қарашада «Ел баласы» жаңа жобасы аясында Екібастұздың қалалық және ауылдық мектептерінде сыныптан тыс сағаттар өтеді.
Олардың мақсаты – оқушылардың әртүрлі кәсіптерге деген қызығушылықтарын дамыту.
Жобаға Екібастұз қаласының әкімі, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары, сот, қала әкімінің орынбасарлары, прокурор, полиция және төтенше жағдайлар басқармасының бастықтары, депутаттар қатысады.
Сынып сағаты барысында спикерлер өз қызметтері туралы айтып, жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, өскелең ұрпақтың сұрақтарына жауап береді.
Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин білім инновация лицейінде кездесу ұйымдастырса, полиция басқармасының басшысы Төлеген Құдайбергенов №36 мектеп-лицейінде оқушылармен жүздеседі. Сыныптан тыс сағаттарға кімдер қатысатынын осы сілтемеден білуге болады.