Павлодарда «Ардагерлер үйі» жаңа қызмет форматына көшеді

Павлодарда «Ардагерлер үйі» жаңа қызмет форматына көшеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Орталық қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға оңалту және әлеуметтік көмек көрсетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметінше, «Ардагерлер үйі» облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің жаңартылған форматына көшеді.

Күндізгі бөлімге қабылданатындар:

  • жеке абилитация және оңалту бағдарламасы іс-шараларының негізінде бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың болу мерзімі орталық мамандарының қорытындысына сәйкес айқындалады;
  • егде жасына байланысты өз бетінше қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдардың тұру мерзімі, яғни күндізгі келуі 19 күнтізбелік күнді құрайды.