Павлодарда ұстаздар мен полицейлер жарықсыз қалды
Қатты дауыл салдарынан электр желілерінде ақау анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 8 маусымда электр қуаты өшірілгені туралы екі хабарлама түскен. Генерал Дүйсенов көшесі, 22/1 бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және Лермонтов көшесі, 50/1 бойынша полиция департаментінің ғимараты жарықсыз қалды.
Электр желілеріндегі зақымдануды төрт сағат ішінде ретке келтіру жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, қатты жел Екібастұз ГРЭС-2 ғимаратының шатырын жартылай жұлып әкеткен болатын. Станцияның әкімшілік-тұрмыстық кешеніндегі шатырдың бір бөлігі бұзылған.