Павлодарда әлеуметтік қызметкерлер тиісті рұқсатсыз медициналық қызмет көрсеткен

Павлодарда әлеуметтік қызметкерлер тиісті рұқсатсыз медициналық қызмет көрсеткен
Фото ашық дереккөзден

Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыс прокуратурасы жуырда жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бюджет қаражаты есебінен зейнеткерлерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасына талдау жүргізді. 

​Талдау нәтижелері  бойынша қолданыстағы заңнама нормаларын бұза  отырып, көрсетілетін әлеуметтік қызметтер бірыңғай талаптарға сәйкес келмейтіні, оның ішінде жеткізушілер жекелеген қызметтер көрсетпейтіні немесе олармен айналысуға рұқсаты жоқ екені, сондай-ақ азаматтардың құпиялылық құқықтары бұзылғаны анықталды.

​Өз кезегінде, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қызмет көрсетушілер тарапынан шарттық міндеттемелерді орындамаудың айқын бұзушылықтарын жою және оларды көзделген жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдамаған. Бұл ретте шарттар бойынша төлем толық көлемде жүргізілген.

- ​Мысалы, ағымдағы жылы 8 шілдеден бастап әлеуметтік қызметтер көрсету объектісіндегі бассейн жұмыс істемеген (шарттың міндетті талабы болып табылады). Нысан қайта жаңартуға жабылған (бұл Жеткізушінің әлеуметтік желілерінің жарияланымдарымен расталады). Осыған қарамастан, басқарма бұзушылықтарды жоюға және тұрақсыздық айыппұлын (айыппұл санкцияларын) өндіріп алуға бағытталған шаралар қабылдамаған, - делінген хабарламада.

​Сондай-ақ «elicense.kz» мәліметтерін зерделеу арқылы  жеткізушінің медициналық қызметтің белгілі бір түрлеріне, оның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық көмекке, дәрігерге дейінгі көмекке, травмотология және ортопедияға лицензиясы болмағаны анықталды.

Ұсынуды қарау нәтижелері бойынша әлеуметтік қызмет көрсетушілер тиісті рұқсатсыз медициналық қызметпен айналысқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға қатысты наразылық-талап арыз жұмысы басталды. Басқарманың лауазымды тұлғалары, соның ішінде басшылығы қатаң жазаға тартылып, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылданды.