Павлодарлық іскер әйелдер референдумды қолдады
Іскер әйелдер қауымдастығы атом электр станциясының құрылысын қолдау үшін халықтық штабқа қосылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы бойынша Қазақстан әйелдер күштері Альянсының төрағасы Раушан Даумова әріптестерінің атынан Мемлекет басшысына АЭС салу мәселесі бойынша жалпыхалықтық референдум өткізу туралы шешіміне қолдау білдірді.
– Атом электр станциясын салу – біздің мемлекетіміз үшін өте маңызды мәселе және ол міндетті түрде референдумда шешілуі тиіс. Соңғы таңдау құқығы – халықта, – деді Павлодар облысы бойынша Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының төрағасы Аурика Дяк.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін халық штабына «JEBE» қоғамдық бірлестігі қосылған болатын.