Павлодарлық қыздар Үндістанда белбеу күресінен топ жарды

Павлодарлық қыздар Үндістанда белбеу күресінен топ жарды
Фото: облыстық спорт басқармасы

Олар шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық спорт басқармасының мәліметінше, 20-26 мамыр аралығында Үндістанның Дели қаласында белбеу күресінен «Алыш» Азия чемпионаты өтті. Оған 30 елдің спортшысы қатысты. Елдің намысын қорғаған павлодарлық спортшы Әсел Манап белбеу күресінен «Алыш» Азия чемпионатының жүлдегері атанды. 

Әсел Манап лайықты өнер көрсетіп, классикалық стильде қола медаль, ал еркін стильде күміс медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ, Павлодар құрама командасының «Алыш» белбеу күресінен спортшы Нурсая Берэхбол да жүлдесіз қалған жоқ. Ол U15 жас санатында бірінші орын иеленді.