Павлодарлық ұстаздар кітап оқып, бағалы сыйлық ұтып ала алады
BOOK BATLE.MUGALIM жобасы мұғалімдерге өздерінің кәсіби шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Ең тиімді әдіс – әлі де кітап оқу. Жоба мұғалімдер арасында оқу мәдениетін дамытуға және жалпы кітап оқуды насихаттауға бағытталған.
Мектептердің, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелердің педагогикалық қызметкерлері 5 шілдеге дейін өтініш бере алады, – дейді қалалық білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин.
Байқау үш кезеңде өтеді. Бірінші кезеңде қатысушылар көркем және дамытушы әдебиеттерді оқуы керек. Екіншісінде буктрейлерлер жасап, оны Instagram-да @bilim_pavlodar белгісімен және #bookbattletoteacher хэштегімен жариялайды.
Үшінші кезеңде 19-23 тамыз аралығында оқылған кітаптар бойынша жобаларды қорғау өтеді.
Байқау қорытындысы 23 тамызға дейін шығарылады, жеңімпаздар білім беру бөлімінен дипломдар мен бағалы сыйлықтар алады.