Павлодарлық ақ халатты жандар бір күнге кәсіби киімін спорттық формаға ауыстырды
Медициналық ұйымдар қызметкерлері арасында үстел теннисінен облыстық турнирі өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Jenimpaz» үстел теннисі орталығында «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы облыстық филиалы ұйымдастырған медицина ұйымдарының қызметкерлері арасында үстел теннисінен облыстық турнир ұйымдастырылды.
«SENIM» кәсіподағының облыстық филиалы кәсіподақ мүшелері арасында салауатты өмір салты мен спортты насихаттауға ерекше көңіл бөледі. Медициналық ұйымдарының қызметкерлері жеке мысалда барлығына белсенді салауатты өмір салтын қалай жүргізу керектігін және тығыз жұмыс кестесіне қарамастан дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға уақытты қалай табуға болатынын көрсетті.
Облыстық турнирге барлығы 10 ер мен 11 әйелден құралған командаларға 42 қатысушы қатысты.
Үш сағаттық жарыс дәлдікпен, ептілікпен және шеберлікпен өтті.
Ойын қорытындысы бойынша ерлер командалары арасында жеңімпаздар анықталды. Турнир чемпионы Павлодар қаласының № 3 емханасының командасы атанса, Ақтоғай аудандық ауруханасының командасы күмісті жеңіп алды. Ал қола Павлодар облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің командасына бұйырды.
Әйелдер командалары арасында Ақтоғай аудандық ауруханасының командасы турнир чемпионы атанса, Павлодар облыстық кардиологиялық орталығының командасы күмісті жеңіп алды және Павлодар медициналық жоғары колледжінің командасына қоланы алды.
Жүлдегерлер «SENIM» кәсіподағының медальдарымен, Құрмет грамоталарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.