Павлодарлық акробатшылар Бакуды бағындырды

Спорттық жарыста Әзербайжан, Қытай, Германия, Украина, Қазақстан, Үндістан мен Өзбекстан елдерінен келген мықтылар бақ сынасты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
11-16 маусым аралығында Баку қаласында спорттық акробатикадан Әлем кубогы өтті. Жарысқа жеті мемлекеттен 108 спортшы, соның ішінде павлодарлық №1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің спортшылары қатысты.
Жарыстың қортындысы бойынша ерлер жұбы Ільяс Мұхтасаров пен Захар Базилевич қола жүлдеге ие болды. Ал аралас жұп Руслан Аубакиров пен Злата Богунова төртінші орынды иеленді.
Аталған спортшылар сегіз жасынан бастап Павлодар қаласының №1 балалар жасөспірімдер спорт мектебінде спорттық акробатикамен айналысады.