Павлодарлық баскетболшылар сәтті сериясын жалғастырды
«Ertis» өз алаңында ақтаулық «Каспийді» қабылдады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Күні бұрын Павлодарда командалары арасындағы Ұлттық баскетбол лигасының алғашқы ойыны өтті. Ойын екі қарсылас үшін де қиын болды. Ойын басында Бранислав Грегорич шәкірттері батысқазақстандықтардан есеп бойынша кем түссе, екінші ширекке қарай ойын тізгінін толығымен өз қолдарына алды.
Бірінші ширекте павлодарлықтар 16:14 есебімен жеңілсе, екінші бөлікте павлодарлықтар қарсыластарын 22:13 есебімен жеңіп, алға шықты. Әрі қарай, алаң иелері бұрынғы қарқынмен болмаса да, есептегі басымдығын арттыруды жалғастырды. Нәтижесінде «Ertis» 86:69 есебімен жеңіске жетті.
Бұл чемпионат басындағы сәтсіздіктерден кейінгі қатарынан үшінші жеңіс. Команда 16 ұпай жинап, жетінші орында келе жатқан «Ақтөбені» қуып келеді.
Өкінішке қарай, қыздар ақтаулықтардан 80:63 есебімен жеңіліп қалды. Ділназ Еркебай 26 ұпай жинады, бірақ бұл ойын тағыдырын өзгере алмады.
17 желтоқсанда №2 спорт мектебінің алаңында (бұрынғы «Автомобилист») «Каспийге» қарсы тартыс жалғасады. Қыздар сағат 15.00-де, ал ұлдар 18.00-де ойнайды. Кіруі тегін. Павлодарлық баскетболшыларға жанкүйерлердің қолдауы қажет.