Павлодарлық боксшылар ел чемпионатына қатысу үшін тартысуда

Рингтің болашақ жұлдыздары екі жас санатында жұдырықтасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Баянтау» спорт кешенінде кадеттер мен жастар арасында Павлодар облысының біріншілігі өтіп жатыр. Облыстық бокс федерациясының атқарушы директоры Азамат Мақажанов атап өткендей, жарысты өткізу негізінен облыс спорт басшылығының қолдауының арқасында мүмкін болды.
– Қыркүйек айында дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен «Баянтауда» бокс залы ашылып, облыс чемпионаты сонда өтіп жатыр, – дейді Азамат Мақажанов. – Турнирге облыстың түкпір-түкпірінен барлығы 244 спортшы қатысуда. Үздіктер Талдықорған қаласында өтетін кадеттер арасындағы аймақтық ел чемпионатына, ересек боксшылар сол қалада өтетін жастар арасындағы ел чемпионатына іріктеледі.
Алғашқы жарыстар қазан айында, ал жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты қараша айында өтеді. Облыс біріншілігіне келсек, 18 қыркүйекке дейін жалғасады. Бұл күндері «Баянтау» спорт кешенінің есігі бокс сүйер қауымға ашық болмақ.