Павлодарда есірткі сатты деген күдікпен 27 жастағы жігіт ұсталды
Ер адам оңай табыс көзін іздеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің жедел қызметкерлері есірткі таратқаны үшін 27 жастағы күдіктіні ұстады.
Ер адам интернет желісі ресурстарын мониторингтеу барысында көзге ілінген.
– Оқиға орнын тексеру кезінде ұнтақ заты бар 10 кішігірім орама табылып, тәркіленді. Сот-химиялық сараптама жүргізуге жіберілді. Сараптама нәтижелері бойынша табылған зат – жалпы салмағы 120 грамм болатын каннабис тектес есірткі екені анықталды, – дейді облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің бастығы Тимур Қаржаубаев.
Ер адам жедел қызметкерлерге интернеттен үлкен табыс табуға уәде берген хабарландыру тапқанын түсіндірді, ұсынысты ойланбастан қабыл алған. Оның телефонына есірткі затын алу қажет және кейіннен бетбелгі қою қажет жерлердің координаттары бар хабарламалар тұрақты келіп отырған.
Осы фактіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша «өткізу мақсатынсыз есірткі заттарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баптың санкциясы өмір бойы бас бостандығынан айыруға дейін максималды жазаны қарастырады. Қазіргі уақытта күдікті қамауда отыр.