Павлодарда суға батып бара жатқан ер адам құтқарылды
Іздеу шараларына небары 20 секунд уақыт кетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамның суға батып бара жатқаны бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Құтқарушылар сол жерге келіп, бірден жұмысқа кірісті.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам жағажайда жалғыз демалып, ішімдік ішкен.
– Куәгерлер құтқарушылар келгенге дейін суға батып бара жатқан адамды өздері құтқаруға тырысқанын, бірақ сәтсіз аяқталғанын айтты, – деді департаментте.
Бұдан әрі құтқарушылар дереу қала тұрғынына реанимация шараларын жасап, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырған.
Құтқару шараларына ТЖД-ның бес қызметкері қатысып, қайық пайдаланды.