Павлодарлық хоккейшілер атыраулық команданы өз айдынында қабылдайды
Кіру тегін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, үлкен хоккей Павлодарға оралуда.
– Ойындарға толық дайындалған «Астана» мұз аренасында павлодарлық «Ертіс» Атыраудан келген «Бейбарыс» хоккей клубын қабылдайды. Бүгін атыраулық хоккейшілер ойын алдындағы жаттығуын өткізді. Ертең сағат 19:00-де жанкүйерлерді өз командамызды қолдауға шақырамыз, – делінген хабарламада.
Ойындар 5 және 6 қараша күндері өтеді.