Павлодарлық оқушылар өз арманындағы мектеп туралы баяндады

Павлодарлық оқушылар өз арманындағы мектеп туралы баяндады
Суретті қалалық білім беру бөлімі ұсынды

«Мектеп өміріндегі қызықты оқиғалар» атты кезекті V туры өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының «Үлкен үзіліс – 2025» жобасы аясында № 7 мектебінде «Мектеп өміріндегі қызықты оқиғалар» атты кезекті V туры өтті.

–  Барлық қатысушылар байқауға дайындалып, қызықты ағартушылық сюжеттерді көрсете алды, сонымен қатар мектеп қойылымдары олардың сенімділігін қалыптастыруға, театр өнерімен оңай және қолжетімді түрде танысуға, әзіл сезімін дамытуға, жағдайды түсінуге және командада жұмыс істеуді үйренуге мүмкіндік береді, – дейді байқаудың төрағасы, орталықтың әдіскері Евгения Мухажанова.

Турға № 2, 7, 18, 25, 26, 29, 35,40, 46, Малайсары батыр атындағы, Қ. Мақпалеев атындағы, Ш. Шөкин атындағы, Қ. Бекқожин атындағы, Б. Момышұлы атындағы, С. Торайғыров атындағы, А. Байтұрсынұлы атындағы, М. Әуезов атындағы, А. Бөкейхан атындағы, Жетекші ЖОМ, Кенжекөл ЖОМ 7 – 8-сыныптардың 240 оқушысынан тұратын 20 команда қатысты.

Олар «Welovesports», «Танысатын уақыт келді», «Менің арманымдағы мектеп», «Favoritebook» жобаларының төрт кезеңінен өтті.

V турдың шарттары бойынша байқауға қатысушылар «Батылдық», «Математика сабағында», «Сыныптағы жаңа оқушы», «Цифрлық мектеп», «Армандаушы», «Кешігіп келуші», «Тағы да екі», «Ал, бізде бәрі бар», «Мектеп спортшылары» атты мектеп өмірінің тарихынан қызықты тақырыптарға театрландырылған қойылымдар ұсынды.

Байқау қорытындысы бойынша 15 команда «Жақсылық жаса және бер» атты алтыншы турда кездеседі.