Павлодарлық оқушылар алғашқы әскери дайындықтан шеберліктерін шыңдады
Оқу-әдістемелік жиын Кенжекөл мектебінің базасында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
13 - 15 қыркүйек аралығында Павлодар қаласының жалпы орта білім беретін мектептердің оқытушы-ұйымдастырушыларымен алғашқы әскери және технологиялық даярлық бойынша үш күндік оқу-әдістемелік жиындар өтеді.
- Ол кәсіптік даярлық деңгейін, жаңа оқу жылына арналған мақсаттары мен міндеттерін арттыру, алғашқы әскери даярлық жөніндегі нормативтік-заңнамалық актілерді білуді мақсат етеді. Жиынның бірінші күні сапқа тұруды қарау, орында бұрылуды пысықтау, бастыққа жақындау, шегіну, қозғалыс барысында әскери сәлем беру пысықталды, - делінген хабарламада.
Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетіліп, тәлімгерлер бекітілді. Сондай-ақ, алғашқы әскери және технологиялық дайындық бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау бағдарламасы әзірленді.
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Қ.Раисов әскери-патриоттық жұмыс жоспарларымен таныстырып, 2022 - 2023 оқу жылындағы «Жас Ұлан», «Сарбаз», «Айбын» облыстық әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша қорытынды жасады. Нәтижесінде қала оқушылары жүлделі орындарға ие болып, кубокқа ие болды.