Павлодарлық оқушылардың шешендігі мен есте сақтау қабілеті сыналады

Павлодарлық оқушылардың шешендігі мен есте сақтау қабілеті сыналады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Байқауда қатысушылар бірнеше кезеңдерден өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі «Сөз маржаны» атты оқушылар арасында байқау жариялайды. «Білімді мыңды жығады» алғашқы кезеңінде қатысушылар қазақтың мақал-мәтелдері мен жаңылтпаштарын жатқа айту керек. Бұл кезеңде қатысушылардың шешендігі, есте сақтау қабілеті жане дұрыс айту дағдысы бағаланады.

«Ойлыға қиын емес» кезеңінде логикалық, жұмбақтар қойылады. Олар өмірлік логикаға негізделген, күрделілігі әртүрлі болады. Қатысушылар берілген уақыт ішінде дұрыс жауабын табуы тиіс. Байқауға 2-6-сынып аралығындағы оқушылар қатыса алады.

Әр кезеңдегі ұпайлар қосылып, ең жоғары ұпай жинаған қатысушылар жеңімпаз атанады. Жүлделі орындарға ие болған байқау қатысушылары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сайыстың басты мақсаты – қазақ халқының ауыз әдебиетін насихаттау, оқушылардың тапқырлық пен жылдам ойлау дағдыларын жетілдіру, тіл мәдениетін арттыру.