Павлодарлық палуандар ел біріншілігінен жүлдемен оралды
Чемпионатқа 200-ден астам спортшы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарлық палуандар грэпплинг күресінің «Аiga» түрі бойынша ересектер және шеберлер арасында ҚР-ның чемпионатына қатысты.
Аталмыш чемпионатқа Қазақстанның барлық өңірлерінен 200-ден астам спортшы қатысты.
Павлодарлықтар чемпионат қорытындысы бойынша сегіз медаль алып келді: Арман Тамбулдинов алтынмен алқаланса, Данияр Жұмадиев пен Хаджиага Мамедов күміс жүлде иеленді. Ал Венера Биманова, Әлихан Жанысов, Динара Жүсіпова, Александр Савочкин, Эльмира Халимова қола жүлдегер атанды.
Еске сала кетейік, павлодарлықтар қоян-қолтық ұрыстан Әлем біріншілігінің чемпиондары атанды. Олар қанжығаларын 6 медальмен майлаған.