Павлодарлық полицейлер психологиялық тренингтен өтті

Павлодарлық  полицейлер психологиялық тренингтен өтті
Фото: Константин Шелков

Шаһардың Солтүстік полиция бөлімінде жеке құрамға арналған психологиялық тренинг ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Іс-шара қызметкерлердің психологиялық тұрақтылығын арттыру және кәсіби тиімділігін күшейту мақсатында өткізілді. Тренингті ведомстволық психолог Жұлдыз Телжанова жүргізді. Сабақ барысында эмоционалдық күйзеліс пен кәсіби күйіп кетудің алдын алу, стресс жағдайында өзін-өзі басқару, сондай-ақ қызметтік ортада тиімді қарым-қатынас орнату мәселелері қарастырылды.

Іс-шарада ұжымдық өзара әрекеттесу дағдыларын қалыптастыруға және қызметкерлер арасындағы қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды сақтауға ерекше назар аударылды. Психолог топтық жаттығулар өткізіп, әрбір қызметкермен жеке әңгіме жүргізді.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлеріне эмоциялық тепе-теңдікті сақтау, қызметтік міндеттерді орындау барысында жеке тиімділікті арттыру бойынша нақты ұсынымдар берілді.

Ведомствода осындай психологиялық қолдау шаралары алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті. Мамандардың пікірінше, мұндай тренингтер қызметкерлердің психологиялық саулығын нығайтып, қызмет сапасын арттыруға және кәсіби деформацияның алдын алуға ықпал етеді.