Павлодарлық сатушы өлшемі сай келмеген күртешені айырбастаудан бас тартты
Тұтынушының қолында чек болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне күртеше сатып алған тұтынушы жүгінді. Ол үйге келгенде тауардың өлшемі сәйкес келмейтінін түсінді. Күртешенің құны 23 мың теңге болатын.
– Тұрғын 14 күнтізбелік күн ішінде тауарды қайтарғысы келді, бірақ сатушы айырбастаудан немесе қайтарудан бас тартты. Департамент кеңес беріп, сотқа дейінгі шағымды дайындауда құқықтық көмек көрсетті. Нәтижесінде тұтынушыға ақша қайтарылды,– деді департаментте.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 14-бабына сәйкес, сатып алушы, егер сатушы неғұрлым ұзақ мерзім жарияламаса, оған азық-түлік емес тауарды берген сәттен бастап 14 күн ішінде сатып алынған тауарды сатып алу орнында немесе сатушы жариялаған өзге де орындарда өлшемі, стилі, түсі, жинақталуы және сол сияқты не басқа тауарға айырбастауға құқылы. Тараптардың келісімі бойынша, баға айырмашылығы болған жағдайда сатушымен қажетті қайта есептеуді жүргізуге болады.