Павлодарлық шаңғы роллер Италияда үздіктердің қатарына қосылды

Павлодарлық шаңғы роллер Италияда үздіктердің қатарына қосылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жарыс барысында шаңғы таяғы сынғанына қарамастан, ол соңына дейін күресіп, жоғары орынға ие бола алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

21 қыркүйекте Италияның Валь-ди-Фьемме қаласында өткен шаңғы роллерінен Әлем кубогының кезеңінде павлодарлық жас спортшы, Железин балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі 17 жастағы Вадим Козлов керемет нәтиже көрсетті.

Еркін стильде 10 шақырымдық масс-старт жарысында Вадим мәреге 6-орынмен келіп, көшбасшыдан небәрі 6,7 секундқа ғана қалып қойды. 

Вадим Козлов  – 2024 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан жасөспірімдер құрамасының мүшесі. Ол шаңғы жарысынан спорт шеберлігіне кандидат атағына ие және еліміздегі ең үздік жас спортшылардың бірі ретінде танылып жүр.

Вадим – республиканың бірнеше чемпиондар мен Олимпиада қатысушыларын тәрбиелеген аты аңызға айналған Кисляковтар әулетінің шәкірті. Бұл жетістігі оның спорттық мансабындағы ең маңызды кезеңдердің бірі деуге болады.