Павлодарлық шаруаларға субсидия беруде ЖИ көмектесуі мүмкін

Аграрларға арнайы ұзақмерзімді несиелер береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында еліміз мал шаруашылығын дамыту процестерін жүзеге асыру керектігін алға тартты. Президент тапсырған міндеттерді орындау бағытындағы жоспарлар туралы ауылшаруашылық министрі Айдарбек Сапаров айтты. Қазіргі таңда министрлік бұл бағытта кешенді жоспар әзірлеп жатыр.
– Қазір арнайы жұмыс тобы құрылды. Біздің мамандар әр өңірлерден ұсыныстар жинап жатыр. Жобаны біз жыл соңына дейін аяқтаймыз да, қаржыландыруды келер жылдың наурыз айында бастаймыз деп жоспарлап отырмыз, – деді ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.
Экономика саласының ғалымдары бұл салаға бөлінетін қаражаттың ашық әрі әділ бөлінуін қадағалайды. Процестерді оңтайландыру мақсатында цифрландыру және жасанды интеллект құралдары пайдаланатын болады.
Министрдің сөзінше, мұндай жұмыстар ішкі нарықтағы ет тапшылығын шешуге көмектеседі. Сонымен қатар, ол өнімдерді шетелге экспортталатын өнімнің көлемін арттырады.
– Мен айтып өткендей, бүгінгі таңда біз сүт пен оны қайта өңдеуге деген қажеттілікті толығымен жабамыз. Ал ірімшік пен сүзбе өнімдері бойынша әзірге сұрақтар бар, – деді ол.
Орақ жинау науқанына келсек, бүгінде ел бойынша егіс алқаптарының 83 пайызы жиналған. Қазіргі таңда шамамен 21 миллион тонна астық оралды.