Павлодарлық шебер қонақтарды шаманның киімімен таң қалдырды
Мүсінші Думан Шаймергенов – Екібастұз қаласының тұрғыны, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Шебер V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ұйымдастырылып жатқан көрмеде өз жұмыстарын ұсынған. Оның бірі – Бөгенбай батырдың бюсті. Биіктігі – 15 см. Химикаттар мен ұнтақтың қоспасы – полистоун массасынан жасалған.
– Көшпенділер ойынына орай ерекше әрі шағын бір туынды ойлап табу керек болды. Ондағы ойым – сатып алушылардың назарын аудару. Көпшілік осындай көлемдегі гипстан жасалған заттарға үйреніп алған, – дейді ол.
Сондай-ақ ол көрмеге шаман, сауыттағы батыр, ғарыш серісі және жуырда ComicCon фестиваль-косплейінде киген американдық шытырман оқиғалы қиял-ғажайып «Варкрафт» көркем фильміндегі Орктің костюмдерін алып барған.
– Әрбір образда әртістік шеберлікті қосуға тырысамын. Мысалы, шаманның бейнесінде шыққанда түрлі магиялық қимыл-қозғалыстар жасап билеймін, секіремін. Ал сауытты киген кезде соғыста болған тәжірибелі жауынгердің кейіпін танытамын, – дейді Думан Шаймергенов.
Шебер жұмыс барысында әртүрлі әдістерді қолданады: ағаш, болат, былғары және пластик. Кеме модельдерін, бірегей этно кәдесыйлар, қылыштар, шаяндар, өрмекшілер және айдаһарлар түрінде эксклюзивті былғары рюкзактар жасайды, түрлі қойылымдар мен косплейлерге костюмдер дайындайды. Сондай-ақ мұз қалашықтарын салған.
Еске сала кетейік, павлодарлық қолөнершілер Гиннес рекордтар кітабына енген құрақ көрпелерді тігуге атсалысты. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 450 қолөнерші бір-бірін көрмей, білмей-ақ бір үлкен кілемнің бірдей элементтерін тігіп, Астанаға әкелді. Жалпы аумағы 11 200 шаршы метрді құрайтын кілемнің ені – 40 метр, ұзындығы – 252 метр. Барлығы 450 көрпе қолданылды, бір көрпешенің өлшемі 2,5 метр, 90 сантиметрді құрады.