Павлодарлық суретшілер арқарлардың суретімен Новосібірде жүлде алды
Қылқалам шеберлері Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен құстарды бейнелеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Балалар көркемсурет мектебінің 5-12 жас аралығындағы 94 оқушысының жұмысы онлайн форматта Новосібір қаласында өткен «Ушки да лапки» балалар көркем шығармашылығының халықаралық интернет көрме-байқауына жіберілді.
Байқау «Анималистика», «Сәндік композиция», «Ертегілерге, аңыздарға иллюстрациялар», «Сәндік бұйым» номинациялары бойынша өткізілді. Павлодарлық оқушылар барлық номинацияларға қатысып, 11 жүлделі орынға ие болды.
– Балалардың жұмыстары Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен құстар, бірқазандар мен арқарлар туралы баяндайды. Біздің жас суретшілеріміз жануарларды әртүрлі композициялық сюжеттерін, осы жануарлармен ертегілерге иллюстрацияларды бейнелеген. Дипломдар шығармашылық қиял, көркем сурет салу және әдемі мүсіндеу қабілеті үшін берілді, – дейді басшының орынбасары Гүлнар Мұхаметқалина.
12 жастағы Әлия Ертісбаева аралас техникада орындалған «Қауіпті сезіну» суреті, сегіз жастағы Ерболат Есіл гуашьпен орындалған «Ұшатын қырғауыл» жұмысы үшін екінші дәрежелі дипломант атанды.
– Өз жұмысыма жүлделі орын берілгеніне өте мақтанамын және қуаныштымын. Мен сурет салғанды ұнатамын, қолмен жұмыс істеймін, бірнеше сағат бойы отыра аламын. Маған осындай мүмкіндік бергені үшін ата-аналар мен педагогтерге алғысымды білдіремін, – дейді Әлия.
5, 7-10, 12 жастағы тоғыз қатысушы «Ғасырлар тереңінен», «Гармония», «Гүл шалғынында», «Таңертеңгі ән», «Ұшатын қырғауыл», «Арқар суырды қонаққа қалай шақырды», «Менің арқарым» жұмыстары үшін дипломант атанды. «Сәндік қырғауыл» жұмысы түрлі-түсті сазды қолдану арқылы орындалған.
Жас суретшілердің педагогтері – Светлана Рейн, Жанар Шайкенова, Нұрлан Дәуренбеков, Инна Масленникова, Гүлнар Мұхаметқалина, Дамир Смыков.