Павлодарлық тұрғындарды күйкентай құсы тәнтті етті

Павлодарлық тұрғындарды күйкентай құсы тәнтті етті
Фото: «Ертіс орманы» табиғи резерваты түсірген видеодан скриншот

Өрт қауіпін бақылайтын камера ерекше жануарларды да қалт жібермейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Ертіс орманы» табиғи резерватының орман фактілерін алдын алуға арналған арнайы камераларына күйкентай құсы келіп қонды. Құсты бейнежазбаларды тексеру кезінде байқаған.

Күйкентай — жыртқыш құстар қатарына жататын, сұңқар тұқымдасының өкілі. Қазақ тілінде оны «кіші сұңқар» немесе «ала күйкентай» деп те атайды. Салмағы шамамен 150-250 грамм. Негізінен ашық далалы, орман шетінде кездеседі. Қазақстан аумағында кең таралған, алайда сирек ұшырасады. Табиғатта тепе-теңдікті сақтауда маңызды рөл атқарады.

Ұйым қызметкерлерінің сөзінше күйкентай бейнекамерларға түсіп қалған алғашқы сирек кездесетін жануар емес. Бұған дейін, еліктер мен бұландар түсіп қалған еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от PN Pavlodar (@pavlodarnews.kz)

Ислам Достов