Павлодарлық волейболшылар ел турнирінің жеңімпазы атанды

Павлодарлық волейболшылар ел турнирінің жеңімпазы атанды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Спорттық іс-шара Тәуелсіздік күні қарсаңына орай өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Баянтау» спорт сарайында волейболдан 13 және 14 жастағы жасөспірімдер арасындағы турнир аяқталды. Жарысқа түрлі өңірлерден келген командалар қатысты: павлодарлық №2 ОРМБЖМ, Астана, Баян-Өлгей, Курчатов, Семей, Екібастұз, Баянауыл және Сарыарқа.

Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды Павлодар командасы, екінші орынды Астана, ал үшінші орынды Семей қаласының командасы иеленді. 

Бұл жарыс қатысушылар үшін Қазақстанның қысқы чемпионатына дайындық ретінде керемет мүмкіндік атанды. Матвей Хузин павлодарлық команданың үздік ойыншысы болып танылды.