Павлодарлық жас сарбаздар республикалық жарыста екінші орын алды

Павлодарлық жас сарбаздар республикалық жарыста екінші орын алды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңір құрамасы елдің барлық 20 өңірінен келген командалармен бақ сынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

22–24 қыркүйек аралығында Ақтөбеде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен «Жас ұлан – 2026» республикалық әскери-спорттық ойынының финалы өтті.

Жарыста қатысушылар дене дайындығы, төзімділік, мергендік, тәртіп және командалық бірлік бойынша сынға түсті.

Павлодар облысының құрамасына Успен, Тереңкөл, Аққулы және Май аудандарының, Ақсу қаласының, «Жас сарбаз» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты мен Ақсу қара металлургия колледжінің оқушылары және студенттері кірді.

Жекелеген сайыстарда павлодарлықтар екі қола жүлде иеленді. «Тарихи-іздеу зерттеу жобасын қорғау» номинациясында Аққулы ауданының өкілі Нұрмұхаммед Сейткулов үшінші орын алды. Белтемірге тартылудан Май ауданының оқушысы Расул Мигранов та үшінші нәтиже көрсетті.

Барлық кезеңнің қорытындысы бойынша Павлодар облысының құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды.