Павлодарлық жол трассасында екі көлік кюветке аударылды

Олар қар құрсауынан шығарылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 наурызда сағат 21:14-те алты құтқарушы және үш техниканың көмегімен Новоямышев ауылының маңында жолдың жиегіне түсіп қалған екі жеңіл көлік қар құрсауынан шығарылды.
Екі көлік те Павлодарға жол тартқан, алайда ауа райы салдарынан кюветке аударылған. Көліктерде болған үш адамға медициналық көмек қажет болған жоқ. Құтқарушылардың көмегінен кейін жүргізушілер сапарын жалғастырды.