Павлодар облысының басым бөлігінде қатты жел болады

Павлодар облысының басым бөлігінде қатты жел болады
Фото: Константин Шелков

Өңірде 22 маусымда өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, ҚР барлық аумағында күн күркіреп, жауын жауады, батыста, солтүстікте, шығыста бұршақ жауады деп болжануда. Республиканың басым бөлігінде жел күшейеді.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, батысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады, батыста жел болжанады, өңірдің басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с дейін, облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр жаууы мүмкін, қалған бөлігінде ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Павлодарда 22 маусым күні түстен кейін 15-20 м/с қатты жел күтіледі.

Түнде температура +6...+11°C, күндіз + 18...+23°C көрсетеді. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с құрайды.