Павлодарлықтарға қанша бюллетень беріледі
Сайлауда олардың барлығы әртүрлі түске боялады. @Pavlodarnews.kz АА тілшісі әрбіреуіне бөлек-бөлек тоқталады.
ҚР Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауында Астана, Алматы және шымкент қалаларында төрт бюллетень, облыстарда бес бюллетень беріледі.
Әрбіреуі арнайы түспен көрсетіледі:
• көк түсті – партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған бюллетеньдер;
• көк түсті - бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Мәжіліс депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған бюллетеньдер;
• күлгін түсті - партиялық тізімдер бойынша облыс мәслихатының депутаттығына кандидаттарға дауыс беруге арналған бюллетеньдер;
• сарғыш түсті - бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша облыс мәслихатының депутаттығына кандидаттарға дауыс беру үшін;
• сұрт түсті - бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша аудандық немесе қалалық мәслихаттың сайлауында дауыс беруге арналған.
Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына арналған бюллетеньдерде «Бәріне қарсымын» деген баған болады.
Құқығыңызды жүзеге асыру үшін тегіңіз сайлаушылар тізімінде бар екендігіне көз жеткізу керек, содан соң жеке куәлігіңізді көрсету керек. Сайлау комиссиясының өкілі бюллетеньдер береді.
Егер сайлау күні сайлаушы басқа қалада немесе облыста болса, ол өз өтініші бойынша есептен шығару куәліктеріне ие бола алады. Оны 4 наурыздан 18 наурыз сағат 18:00-ге дейін алуға болады. Мұндай куәліктерді бір елді мекен ішіндегі басқа сайлау учаскесі немесе округінде дауыс беру үшін берілмейді.