Павлодарлықтарға қарым-қатынас дағдыларын жақсартуға көмектеседі
Тренингте кез келген қызмет саласында табысты болуға көмектесетін бағдарлама ұсынылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жастар бастамаларын дамыту орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 сәуір күні сағат 16:00-де сөйлеу жаттықтырушысы Анастасия Алиясова «Қарым-қатынас және қызмет көрсету дағдыларын жақсарту» атты шеберлік сағатын өткізеді.
Өтетін орны: Ломов көшесі, 38.
Қосымша ақпаратты алу үшін және тренингке жазылу үшін +7(707)665-58-03 телефон нөмірі арқылы ұйымдастырушылармен байланысуға болады.