Павлодарлықтарға уақытты тиімді басқаруды үйретеді

Павлодарлықтарға  уақытты тиімді басқаруды үйретеді
Фото: Константин Шелков

Тренингке қатысу тегін, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық жастар бастамаларын дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Жеке тиімділік және өзін-өзі басқару» атты ИнЕУ доценті, PhD докторы, «Про-бизнес» кітап клубының негізін қалаушы Салтанат Жанұзақованың тренингі өткізілмек. 

– Бұл тренингте SMART мақсаттарын анықтауды, міндеттерді тиімді жоспарлау мен уақытты басқаруды үйренесіз. Сонымен қатар, энергияны басқару, күйзелісті азайту және өнімділікті арттыру бойынша практикалық дағдыларды меңгересіз, – дейді ұйымдастырушылар. 

Тренинг 11 шілде күні 16:00-де Ломов көшесі, 38 мекенжайында орналасқан Жастар бастамаларын дамыту орталығында өтеді. Тіркеу – ашық, орындар саны шектеулі. 

Тіркелу және қосымша ақпарат алу үшін +7 (707) 665 5803 нөміріне жазуға болады.