Павлодарлықтар қандай жануарды заңсыз атқаны үшін ең үлкен айыппұл алуы мүмкін?

Олардың ұяларын жойғаны үшін де жаза бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Ертіс орманы» резерватының мәліметінше, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жануарларды заңсыз аулау үшін қатаң жауапкершілік қарастырылған.
– Әрбір браконьерлік оқиға экожүйеге және биологиялық әртүрлілікке үлкен қауіп төндіреді. Жануарларды іздеу, аңду және қудалау, сондай-ақ аңшылық алқаптарында қару-жарақ немесе аң аулайтын құстармен жүру аңшылыққа теңестіріледі. Бұл әрекеттер үшін де айыппұл салынып, қылмыстық жауапкершілік жүктеледі, – деді резерватта.
Заңсыз ауланған әр бұлан үшін 150 АЕК, яғни 5 898 000 теңге, елік үшін 75 АЕК, яғни 2 949 000 теңге, орман сусары, сілеусін үшін 60 АЕК, яғни 2 359 200 теңге, борсық үшін 30 АЕК, яғни 117 960 теңге, ал тиін, түлкі, қоян үшін 15 АЕК, яғни 58 980 теңге айыппұл көзделген.
Қазақстанның Қызыл кітабына енген түрлер үшін ерекше жауапкершілік қарастырылған. Ұяларды, індерді, апандарды заңсыз жою – 10 АЕК айыппұл, ал жұмыртқалар мен эмбриондарды заңсыз алу – ересек жануар үшін белгіленген айыппұлдың 50%-ы алынады.