Павлодарлықтар саяжайлардағы өрт үшін жауапкершілікке тартылды

Өңірде саяжай маусымы өртпен басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығы Оразбек Уалиханов мәлім еткендей, өрттің шығуының негізгі себебі – өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, от жағу, сабан мен құрғақ шөпті жағу, минералданған жолақтардың болмауы.
Бақша шаруашылығына 27 өрт шығу тіркелген. 390 саяжай учаскесі зардап шексе, оның261-і қараусыз қалған.
Ірі өрттердің бірі өткен демалыс күндері «Строитель» және «Энтузиаст» бақша қоғамдарында болды. 50 гектар аумақта 370 учаске отпен қамтылды.
– 55 адам эвакуацияланды, зардап шеккендер жоқ. Құрғақ шөпті жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған 15 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді ол.
Олардың қатарында облыс орталығының ғана емес, Ақсу, Екібастұз, Павлодар облысының тұрғындары да бар. ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабына сәйкес – Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе сақтамау – ескерту алған. Егер олар бір жыл ішінде тағы да заңды бұзса, жаза ретінде 10 АЕК немесе 39 320 теңге көлеміндегі әкімшілік айыппұл салынады.
Оразбек Уалихановтің айтуынша, қазір «Строитель» және «Энтузиаст» елді мекендеріндегі өртке қатысты тергеу жүріп жатыр. Оқиға орнында өртке қарсы зертхана жұмыс істейді. Мұндай жағдайларда қожайындарды, сондай-ақ саяжайы бұзылғандарды табу керек және бұл – өте ауқымды жұмыс.
Еске сала кетейік, 12 сәуір күні «Строитель» және «Энтузиаст» бағбаншылық қоғамдастығы өртенген. Өртті сөндіруге «Павлодар-Водоканал» мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметінің өкілдері, 102, 103 қызметтері, апаттар медицинасы орталығы дрондар арқылы жоғарыдан бақылау жүргізіп, оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеді.