Павлодарлықтарды Ертіс өзенінде қайықпен жүзу арқылы сенбілікке қатысуға шақырады

«Таза Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында өзен жағалауы қоқыстан тазартылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
16-17 тамыз күндері Павлодар қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі қолдаған «Жасыл ел» студенттік және құрылыс жастар отрядтарының шағын гранты аясында «Таза Ертіс» атты экологиялық жобасы шеңберінде Ертіс өзені бойымен экологиялық қайықпен жүзу ұйымдастырады.
Іс-шараның мақсаттары – Ертіс бойындағы табиғат пен қоршаған ортаның жағдайын фотоға түсіру және өзен жағалауын қоқыстан тазарту.
Экспедициялар мен алдағы жүзу барысында түсірілген табиғат көріністері биылғы қыркүйекте фотокөрме түрінде ұсынылады.