Павлодарлықтарды Ертіс жағалауын тазартуға шақыруда

Іс-шараға барлық қалаушылар қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 қыркүйек күні экологиялық сенбілік ұйымдастырылады. Қатысушылар таңғы сағат 9:00-де «Ертіс Олимпик» аумағында жиналады.
– Шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау маңыздылығын насихаттау, табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға тәрбиелеу және қаланың жағалау аймағын абаттандыру. Экологиялық акцияға ересектер де, жастар да, балаларымен келген отбасылар да қатыса алады, – деді ұйымдастырушылар.
Қоқыс жинауға арналған арнайы қаптар ұйымдастырушылар тарапынан беріледі, ал қолғапты өзіңізбен ала келгеніңіз жөн.