Павлодарлықтарды жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсетуге шақырады

Павлодарлықтарды жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсетуге шақырады
Фото: @redcrescent_pvl

Елімізде зейнеткерлердің он пайыздан астамы жалғыз тұрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР «Қызыл ай қоғамы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалы «Жақсы сәлемдеме» жобасының аясында «Жылы күз» науқанын өткізуде.

–  Күн сайын көптеген адамдар қиын өмірлік жағдайларға тап болуда. Ең осал топтардың бірі – жалғызбасты қарттар. Зерттеулерге сәйкес, Қазақстанда зейнеткерлердің шамамен 13 пайызы жалғыз тұрады. Павлодарда Дүниежүзілік қарттар күніне арналған айлық аясында біз жалғыз тұратын 50 зейнеткерге қолдау көрсеткіміз келеді, – дейді еріктілер. 

Қала әкімдігі ішкі саясат бөлімінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Жақсылық жаса» жобасына қатысушылар да азық-түлік жиынтығын алушылар қатарына кіреді.

Науқанға қолдауды «Қызыл ай қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ресми сайтында көрсетуге болады.