Павлодарлық дзюдошы қыз Жапониядан тарихи жүлдемен оралды

Павлодарлық дзюдошы қыз Жапониядан тарихи жүлдемен оралды

Өңір үшін бұл Сурдолимпиадалық жарыстан әкелінген алғашқы медаль болып табылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Жапония астанасы Токио қаласында XXV жазғы Сурдлимпиада өтті. Қазақстан ұлттық құрамасы 13 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 6 алтын, 2 күміс және 5 қола жүлде бар. Қазақстанның ерлер командасы дзюдодан командалық жарыста жеңімпаз атанса, әйелдер құрамасы күміс жүлдеге қол жеткізді. Ұлттық құраманың ішінде Павлодар облысының намысын қорғаған спортшы болды. 43 жастағы Ольга Гараева күміс медаль жеңді. Спортшы Павлодардағы Desport спорт клубында жаттығады.

– Турнир барысында ол Алжир мен Корея командаларынан үздік болып, финалда Украина командасына жеңіліп қалды. Бірақ облыс үшін бұл Сурдолимпиадалық спорт тарихындағы алғашқы медаль. Сондай-ақ, тұңғыш рет Сурдолимпиада ойындарында павлодарлық төреші атанды. Денис Амелин халықаралық санаттағы төреші және Ольганың жеке жаттықтырушысы болды, – деді спорт клубының менеджері Олеся Мецкер.

Сондай-ақ, ол ойындардағы өз нәтижесімен сурдо дзюдодан ҚР Еңбек сіңірген спорт шеберінің нормативін орындады.

Ольга Гараева 2018 жылдан бастап дзюдомен айналысады. Ол Әлем чемпионаты мен Азия-Тынық мұхиты ойындарының жүлдегері. Сондай-ақ, 2 ұл тәрбиелеп, оларға спортқа деген сүйіспеншілігін оятты. Оның үлкен ұлы жеңіл атлетикамен айналысады.