Павлодарлық дәрігерлер төртінші қабаттан құлаған баланың жағдайымен бөлісті

Павлодарлық дәрігерлер төртінші қабаттан құлаған баланың жағдайымен бөлісті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бала травматология бөлімшесінде ем алып жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық балалар ауруханасында екі жастағы ұл баланың жағдайымен бөлісті. 

– Қабылдау бөлімінде баланы кезекші травматолог, реаниматолог пен хирург тексерді. Балаға компьютерлік томография зерттеуі жүргізілді. Ол шұғыл түрде травматология бөліміне жатқызылған болатын. Оған басының жабық жарақаты, көгеру диагноздары қойылды,– деді аурухананың баспасөз қызметінде.

Дәрігерлердің сөзінше, баланың жағдайы жарақттарына байланысты орташа ауырлықтағы деңгейде деп бағаланады. Барлық тиісті емдом – шаралары қабылдануда.

Еске сала кетейік, жедел жәрдем станциясына 18 сәуірде кешкі сағат 19:07-де төртінші қабаттан бала құлады деген хабар келіп түсті. Медициналық бригада алты минутта жетті.