Павлодарлық электриктер халықаралық жарыста күміс медаль жеңіп алды

Павлодарлық электриктер халықаралық жарыста күміс медаль жеңіп алды
Фото: pexels.com / Kelly

Олардың төтенше жағдайларда шешім қабылдау шеберлігі, келісімділігі мен дайындығы бағаланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодарэнерго» акционерлік қоғамы баспасөз қызметінің мәліметінше, үш күн бойы қалалық электржелістік тарату компаниясының мамандары Қазан қаласында үздік электриктер бригадасы атағын сарапқа салды.

Қазақстан атынан «ПЭТК» АҚ-ның электриктер бригадасы қатысты. Олардың бәсекелестері Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Ресей энергетиктерінің командалары болды.

«ПЭТК» АҚ командасы электромонтер бригадаларының республикалық жарыстарының бірнеше дүркін жеңімпазы болып келеді. Команданы аталмыш компанияның бас директорының тарату жөніндегі орынбасары Геннадий Сокуренко басқарады, – дейді баспасөз орталығында.

Оның құрамына: команда ілесушісі жөндеу Иван Миронец, жөндеу бөлімінің бастығы, электр қауіпсіздігі жөніндегі шебер Юрий Волошанин, сондай-ақ электр қауіпсіздігі жөніндегі электриктер Досхан Жұмабаев пен Александр Жамбурбаев кірді.

4 кезеңнің қорытындысы бойынша «ПЭТК» АҚ командасы құрметті екінші орынды иеленді.

Барлық қатысушылар кәсіби дайындықтың жоғары деңгейін ғана емес, энергетика саласындағы күрделі мәселелерді шешу қабілетін де көрсетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от AO "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" (@aopavlodarenergo)